Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қолшатырдың астында таныстық": Кентал күзде шаңырақ көтеретінін айтты

"Қолшатырдың астында таныстық": Кентал күзде шаңырақ көтеретінін айтты

Кентал өзінің сүйіктісін тауып, шаңырақ құрмақ,

Өнер иесі жүрек қалауындағы жанды жасырмай, осы жазға қандай жоспарлары бар екенін жеткізді. Жаңалығымен бөліскен ол отбасын құруды ойға алып жүрген көрінеді.
«Жақсы жаңалығым бар. Үйленуді жоспарлап жатырмын», - дейді ол.
Екінші сыңарын тапқан ғашық жігіт болашақ жарымен ең алғаш қалай кездескенін айтты. Әншінің сөзіне қарағанда Кенталдың кішіпейілділігі сүйген адамын кездестіруге көмектескен.
«Сол күні жаңбыр жауып тұрған еді. Қарасам бір қыз қолшатырсыз кетіп барады. Менде қолшатыр бар. Сөйтіп, қолшатырдың астында таныстық», - дейді өнер иесі.
Кентал болашақ жарының шоу-бизнеске қатысы жоқ екенін де жасырмады. Алайда, үйленгеннен кейін әйелін бірге сахнаға алып шығатын ойы бар көрінеді.
«Ол қыздың шоу-бизнеске ешқандай қатысы жоқ. Көрерміз енді мүмкін алып келермін, мүмкін алып келмеспін», - деп ағынан жарылды.
http://stan.kz
13 мамыр 2019 ж. 1 215 0