"Бір ай ауруханада жатты": Роза Әлқожа інісін туған күнімен құттықтап, өткенін есіне алды

Әбдіжаппарды жанынан артық жақсы көретін Роза Әлқожа туылғанда қатты қуанғанын жасырмады. Бес жасқа толғада құлап, басына қан ұйып қалған Әбдіжаппар Әлқожаны туғандары түртпей өсірген екен. Роза Әлқожа інісінің бұзықтығы былай тұрсын, туыла салып әдемілігімен әнтті еткенін айтты.
"Осы бір аппақ бала туылды. Шашы қоңыр. Өзі көп жыламайды. Еңбектеп жүргенше ғана емізген шығар. Анасы қатты ауырып, бір ай ауруханада жатты", - деп есіне алды ол.