Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда батуттың аударылып қалуынан зардап шеккен қыздың әкесі оның жағдайы туралы айтты

Қарағандыда батуттың аударылып қалуынан зардап шеккен қыздың әкесі оның жағдайы туралы айтты

Қарағандыда 25 мамырда болған қайғылы жағдайда бір бала көз жұмып, тағы екеуі зардап шеккен еді. Жарақаттанғандардың бірі бүгінде жансақтау бөлімінен шығарылып, палатаға ауыстырылған. Зардап шеккен қыздың әкесі оның жағдайы туралы айтып берді,

 Instagram желісіндегі shock_krg парақшасында батуттың аударылып қалуынан зардап шеккен қыз туралы мәлімет пайда болды. Онда қыздың әкесі оның жағдайы туралы айтқан. 
Саябек Болатбековтың сөзінше, қызы таяуда жансақтау бөлімінен шығарылған. Қазіргі уақытта Көмекова Жазира облыстық балалар ауруханасының жалпы хирургия бөлімінде жатыр.

«Баланың қабырғасы, бет сүйегі сынып, көкбауырында қан ұйып қалып, өті зақымдалып, миы шайқалып, аяқ-қолы түрлі жарақат алған. Сондай-ақ, құлақ жарғағы зақымдалған», - делінеді жазбада. 
Саябек Болатбековтың 4 баласы бар. 7 жасар Жазира оның үшінші перзенті екен. 
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды. Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарағанды әкімдігінің Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасындағы лауазымды тұлғаларға қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

http://stan.kz 

31 мамыр 2019 ж. 778 0