Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандылық өрт сөндірушілер тұтқындалған батуттың иесін жақтап шықты

Қарағандылық өрт сөндірушілер тұтқындалған батуттың иесін жақтап шықты

Қарағандыда аударылып қалған батуттың иесі, тұтқындалған өрт сөндірушіні бұрынғы әріптестері жақтап шықты. Олар қайғылы жағдайға бұрынғы құтқарушының ғана кінәлі емес екенін айтуда. Өрт сөндірушілер қоғам мен биліктен болған жайтқа басқа қырынан қарауды сұрады.

Қарағандыда аударылып қалған батуттың иесі ТЖД-ның бұрынғы қызметкері болып шыққан. Ол қайғылы жағдайдан 5 күн бұрын жұмысынан кетіпті. Бүгінде оған қатысты қылмыстық іс қозғалған,
Ал оның экс-әріптестері әлеуметтік желіде анонимді жазба қалдырып, бұрынғы өрт сөндірушінің азын-аулақ жалақының құрбаны болғанын айтқан. 
«Ол баланы әдейі өлтірген жоқ. Оны буындырған жоқ, мәжбүрлеген жоқ. Жел – аяқ астынан болатын табиғи құбылыс. Батут түгілі, үйлердің шатырын, металл конструкцияларды жұлып әкетеді», - дейді өрт сөндіру қызметінің қызметкері. 
Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда Орталық қалалық мәдениет және демалыс саябағында Қарағанды қаласында күшті желдің салдарынан батут аударылып, бір бала қайтыс болды. Қайғылы оқиғадан кейін батутты орналастырған аттракцион иесі ұсталды.
30 мамыр 2019 ж. 682 0