Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдікке кіретін жерді қоршап алды: Шымкентте көпбалалы аналардың берілген баспанаға көңілі толмай жатыр

Әкімдікке кіретін жерді қоршап алды: Шымкентте көпбалалы аналардың берілген баспанаға көңілі толмай жатыр

Шымкентте көпбалалы аналар уақытша тұруға берілген жатақхананың жағдайын жинау үшін әкімдікке жиналып, Ғабидулла Әбдірахымовпен кездестіруді талап етті.

Осы жолы аналардың наразылығын уақытша тұруға берілген, қирауға сәл ғана қалған жатақхана туғызды. Әйелдердің сөзінше, ол жерде өмір сүру мүмкін емес, бөлмелерде сылау қопырылып, еден опырылып жатыр. "Әкім бізді қабылдамайынша, ешкімді кіргізбейміз", "Адам сияқты өмір сүргіміз келеді", — деді аналар бірауыздан. 
Балаларының өмірі үшін алаңдап, әкімдікке келген әйелдердің көздегені бір — әділдік орнату. 
"Сенбеймін. Маған тек әділдік керек, балаларымның ел қатарлы өмір сүргенін қалаймын", — деді Шымкент тұрғыны Айнагүл Сәрсенова. 
Әйелдер қанша тырысса да, әкіммен кездесе алмады. Олардың сұрақтарына қала басшысының көмекшілері мен орынбасарлары жауап берді. 
"Біз оларға Тассай ауданында орналасқан жатақхананы көруді ұсындық. Оған дейін жөндеу жұмыстарымен айналысатын ұйыммен келіссөздер жүргіздік. Олар жатақхананы тегін жөндеп беруге келісті", — дейді Шымкент қаласындағы тұрғын үй жіне тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Марат Оразәлі. 
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шымкентте көпбалалы аналар бас көтеріп, жәрдемақы алу үшін құжаттарын рәсімдей алмай жүргенін айтқан еді. Сонымен қатар, бұл қалада 21 мың теңге алу үшін ажырасуға өтініш беретін ерлі-зайыптылар саны көбейді.
01 маусым 2019 ж. 653 0