Тоқаев: Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін

"Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша "Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу" жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келді", - дейді Тоқаев.
Президент: Мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын Оның айтуынша, мәселелер мұнымен шектелмейді. Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр.
Арал теңізінің ғарыштан түсірілген суреті жарияланды
"Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 27 миллиард текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.