Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстауға барған америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды"

Маңғыстауға барған америкалық туристердің "төбе шашы тік тұрды"

Бозжыра шатқалына барған туристер ерекше құбылысқа куә болған. Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына барған америкалық туристермен қатар жергілікті тұрғындар да таңғалды. Олардың бәрінің шашы тікірейіп кеткен,
 Мамандар бұл құбылыс ауаның электрленуінің әсерінен болғанын айтады. Бірнеше жыл бойы Маңғыстау өңіріне экспедиция ұйымдастырушы Сергей Хачатрян мұндайды бірінші рет көрген екен.
"Бұл жолы Бозжыра шатқалына америкалық туристерді әкелген едім. Ең биік нүктеге көтерілген кезде түсініксіз жағдайға тап болдық. Қолымызды көтерген кезде бір нәрсенің сатыр-сұтыр еткен дыбысы естілді. Тоқтың дыбысына ұқсайды. Бұдан соң бәріміздің төбе шашымыз тік тұрды деп айтуға болады", - деді Сергей Хачатрян.
Физиктер мұндай құбылыс таңғаларлық жағдай емес деп отыр.
"Жердің өзінің заряды болады. Бұл жолы күн бұлтты, ауа ылғалды болған. Сондықтан ауа мен жер қуаты түйісті", - деді геолог-геофизик Геннадий Тарасенко.
02 маусым 2019 ж. 655 0