Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Америкалық әйел өзінің қайтыс болған құрбысына үйленді

Америкалық әйел өзінің қайтыс болған құрбысына үйленді

Юта штатының соты 74 жастағы америкалық Бонни Фостер мен биыл мамыр айында қайтыс болған құрбысы Беверли Гроссанның некелерін заңды деп жариялады деп хабарлайы Stan.kz.

Бұл туралы Би-би-си жазды. Аталған жұп азаматтық некеде 50 жылдан астам өмір сүрген. Әйелдің адвокаты соттың шешімі ерекше және бұрын соңды мұндай жағдай болмағанын атаған.
«Ютада осындай шешім екінші рет орын алып отыр», – дейді Роберт Хул.
Әйелдер алғаш рет Нью-Йорк қаласында 1968 жылдың қаңтарында, Бонни Фостер өзін ұрған күйеуінен қашуды ұйғарған кезде жолыққан. Олар бірге тұру туралы шешім қабылдап, 50 жылдан астам қол ұстасып бірге болған. Беверлидің өлімі алдында олар бөлек ауруханада жатқан, алайда Бонни құрбысы өлгенде қасында болған.
Stan.kz
02 қыркүйек 2018 ж. 1 374 0