Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АТА-АНАҒА "СЕН" ДЕП СӨЙЛЕГЕН ДҰРЫС ПА?

АТА-АНАҒА "СЕН" ДЕП СӨЙЛЕГЕН ДҰРЫС ПА?

Қазіргі кезде психолог мамандар өмірдің барлық саласына араласып кеткендей. Оладың ең белсенділері бала тәрбиесінде жүр. Кеңес өкіметі құлағалы олардың қолы ұзарып, бесіктегі баладан бастап тұрмыс құратын жасқа қалай тәрбиелеу керек деген кеңес дайындады. Солардың бірі - ата-анаға «сен» деп сөйлеу. Психологтардың пайымдауынша бала ата-анасына сіз демей, сен деп сөйлеуі керек. Кез келген тіл мәдениетінде сіз деп бөтен адамға, танымайтын немесе шала таныс адамдарға, аса құрметті немесе үлкен адамдарға айтатын. 

Сол себептен сіз деп сөйлеу адамдардың арасын алшақтатып, бір біріне деген сенімін азайтады. Ал ондай субординация ата-ана мен бала арасында болмауы керек. Психологтардың зерттеу барысында бала ондай кезде бейсаналы түрде ата-анасын бөтен адам ретінде қабылдайды. Яғни, басына іс түскен кезде немесе бір ой мазалап жүргенде, іштегі сырын ата-анасына айта алмайды. Ата-анасының қасында өзін бос ұстай алмайды. Өсе келе, тұйық мінезді, адамдармен жақындаса алмайтын ересек адам болуы мүмкін. 
Әсіресе, сіз деп сөйлеген қыздарға қауіпті дейді. Нәзік жандар анасына жақын болғаны дұрыс қой. Анасын жат адам ретінде қабылдаса, дұрыс отанасы атануы екіталай екен. 
Енді психологтарды былай қойып, тәжірибиге көз жүгіртейік. Қай ұлтты алсақ та, ешбіреуінде қатып қалған ереже жоқ. Сіз немесе сен деп сөйлеу тек отбасындағы тәрбиеге байланысты. Өз әке-шешесіне сен деп сөйлеген адамдар балаларын да солай тәрбиелейді. Сіз деп өскен адамдар, балаларына да СІЗ деп айтқызады. Бұл жерде сіз деп айту баланы алшақтату мақсатында емес, ата-ананы құрметтеу, қастерлеу мақсатында. Әке-шешесіне сіз деп өскен бала олармен ұрсысуға, сөз таластыруға бармайды. Былайша айтқанда, жат адам емес, авторитет ретінде дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Үлкен адамдарға құрбың ретінде қарамауға үйретеді. Себебі, құрбыңмен он жерден жақсы аралассаң да, оны қонағыңдай сыйласаң да, әкең мен анаңның орны бөлек. Бұқар жырау айтпақшы, "сыйлағаны не керек, сізді қойып, сен десе".

Дереккөз: 
Reactor
http://reactor.inform.kz
03 маусым 2019 ж. 2 350 0