Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шұғыл күйеу іздеймін": Бүркіттің қарындасы тағы да қызды болғысы келетінін айтты

"Шұғыл күйеу іздеймін": Бүркіттің қарындасы тағы да қызды болғысы келетінін айтты

Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар екінші мәрте тұрмыс құрғысы келетінін айтты,

Бұл жайлы Әсел Асқардың өзі желідегі парақшасында ашық жазған. Тағы перзент сүйгісі келетін ару өзіне күйеу іздейтінін жасырмады.
"Тағы қызым болғанын қалаймын. Әдемі киімдер кигізіп, балетке беремін және өлеңдер жаттатамын. Шұғыл күйеу іздеймін", - дейді Әсел Асқар. 
Сонымен қатар, атышулы ару оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша бұрынғы күйеуі аз алимент төлейді екен. Сонымен қатар, ұлымен араласуға ниетті емес көрінеді.
"Айына 30 мың теңге алимент төлейді. Ол ақшаны орынды жұмсауға тырысамын", - дейді Әсел Асқар.
05 маусым 2019 ж. 3 536 0