Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тек сырттай сүйсінуге болады": Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар неге ажырасқанын айтты

"Тек сырттай сүйсінуге болады": Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар неге ажырасқанын айтты

Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар неге ажырасқанын айтты

Атышулы Әсел Асқар бұрынғы күйеуінен неге ажырасып кеткенін айтып берді. Таныс емес адамға қырыңдап, төсін жалаңаштаған актриса өмірлік құпиясын жайып салды. 
"Менің шығармашылық армандарымды жүзеге асыруым күйеуіммен ажырасуыма себеп болды. Мен үйде ас дайындап, бауырсақ пісіріп, кешкісін телесериал көріп отыратын әйелдер қатарынан емеспін. Маған ұлым туылып, үйде отырғанда-ақ дем жетпегендей болатын. Сол кезде мен "Менің бар жеткен жетістігім осы болып қалады ма?" деп өзіме сұрақ қойдым", - деп түсіндірді ол.
Алайда, Әсел Асқар ұлының әкесін жамандамайтынын айтты. Соған қарағанда актрисаның бұрынғы күйеуі баласына қамқорлық танытып, қаржылай қолдау көрсетіп тұратын көрінеді. Ол 20 жасында отбасын сақтап қала алмаған.
"Ал жақында маған бір танысым "Сен зебрасың" дейді. Мен "Бұл қалай?" деп таңғалғанымда, "Жылқы секілді қыздар бар. Оларды бәрі пайдаланады. Ал сен зебра секілдісің. Саған тек сырттай сүйсінуге болады" деп жауап берді. Шынында, менің отбасымды сақтауыма 20 жасымда ақылым жетпеді. Мен ер мінездімін. Ал қазір өзімнен басым түсетін азаматты күтудемін", - деп ағынан жарылды Әсел Асқар.
30 мамыр 2019 ж. 2 070 0