Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Белгісіз азамат Әсел Сәдуақасованың үйін раушан гүлдерімен көмкеріп тастады

Белгісіз азамат Әсел Сәдуақасованың үйін раушан гүлдерімен көмкеріп тастады

Актриса Әсел Сәдуақасова бөлмесі гүлге толған суретін көрсетіп, жұртты таңғалдырды. Көпшілік актрисаға осынша раушан сыйлаған белгісіз жанның кім екеніне білуге тырысқан
"Қыздарға гүл сыйлаңыздар. Меніңше гүл мен әшекейлердің бізсіз, әйелдерсіз мәні жоқ сияқты. Былай қарап тұрсаң, барлық зат солай. Шынымды айтсам, осындай әдемі сәттер үнемі жаныма жайлылық сыйлайды. Рақмет", - деп жазды актриса Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары Әселдің мұндай құрметке лайық екенін жарыса жазды.
"Өте керемет", "Біреу сізге ессіз ғашық болған-ау", "Сіз млн гүлге де лайықтысыз", "Отырған қыз орнын табады" деген осы".

"Бақытты болыңыз", "Сізге ғашық адам өміріңізді гүлге айналдырмай қоймайды", "Мынадан кейін ұнатпау мүмкін емес шығар", "Бүкіл гүл дүкенін сатып алыпты ғой. Фильмдегі секілді". "Мынаның барлығы сізге ме?", "Кім сыйлады?" деді желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Әсел Сәдуақасова осыдан біраз уақыт бұрын үйін заңсыз иемденіп алған жігітімен жеті жылдан бері соттасып жүргенін айтқан болатын.

20 мамыр 2019 ж. 1 266 0