Apple ең үлкен iPhone-ды таныстырады

Агенттіктің жазуынша, жаңа смартфондардың арасында iPhone X-тың жаңартылған нұсқасы және негізгі модельдің арзандау нұсқасы болады.
Жаңа смартфонда OLED технологиясы мен Face ID сканері қолданылмақ. Сондай-ақ, жаңартылған смартфондарда A12 процессоры пайдаланылады.
Кейбір өңірлер үшін екі SIM-карталы телефон шығару да жоспарлануда. Бұл нұсқаның Edge-to-Edge экраны және Face ID сканері болады.
Жаңа смартфондар күзде таныстырылады. Дереккөзінің жазуынша, компанияның жоспары әлі де өзгеруі мүмкін.