Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс алаңында қаза тапқан жұмысшының әкесі баласының өліміне кінәлі адамды өз қолымен өлтірмек болды

Құрылыс алаңында қаза тапқан жұмысшының әкесі баласының өліміне кінәлі адамды өз қолымен өлтірмек болды

Баласының өлімін көріп, қайғыдан қан жұтқан әке ұлын өлтіріп қойған адамды жазалағысы келді.

Куәгерлер ең алдымен жұмыс істеп тұрған кранның даусын, бірнеше минуттан кейін адамның айқайлағанын естіген. Кран болат арқалықты көтеріп жатып, жұмысшыны соғып кеткен. Монтаждаушы соққының кесірінен төрт метрлік фундаменттен жерге құлап, қаза тапты. Ұлымен бірге құрылыс алаңында жұмыс істеген әке краншыны өз қолымен өлтіріп қоя жаздады. 
"Мерт болған жігіт осында әкесімен бірге жұмыс істеді. Әкесі зілбалғаны ұстап алды да краншыны қуа жөнелді. Краншы қашып кетті. Жігіт жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Әкесі де, барлығы да болған жайтқа сене алар емес", - дейді куәгер Ирина Бауэр.
06 маусым 2019 ж. 634 0