Қазақстанда саяхаттауға үндейтін Киелі жерлер геймификациясы жобасы ұсынылды бүгін,

Ішкі туризмді дамыту үшін сонымен қатар жастарды Қазақстанда саяхаттауға үндейтін Киелі жерлер геймификациясы жобасы ұсынылды. Бұл бастамалардың барлығы туристер үшін пайдалы болады, бүгінгі таңда 3,5 миллиардқа жуық адамға ғаламтор қолжетімді, бұл адамдардың жастары, білім деңгейі мен табыстары әр түрлі. Google зерттеулеріне сүйенсек, туристердің 65 пайызының демалыс орнын таңдауына онлайн ресурстардан алған әсерлері ықпалын тигізеді. 2018 жылы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 8,79 миллион адамды құрағанын айта кету керек, өсім 14 пайыздан асады. Сонымен қатар ішкі келушілер саны артты - өткен жылы 4,7 миллион ішкі турист болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға артық. (Еск. - статистикада келушілердің жалпы саны ескеріледі, оның ішінде іскерлік мақсаттағы (іссапарлық), достары мен туыстарына келу мақсатындағы (VFR) және демалу мақсатындағы (leisure) келушілер ескеріледі).
Негізінен, қазақстандықтар сауықтыру және жағажай туризмін таңдайды. Жаз уақытында көпшілік Алакөл, Балқаш көлдерінің, Каспий теңізінің жағалауларына, Бурабай курорттық аймағына барады. Статистика бойынша, өткен жылы еліміздің курорттық аймақтарында 1 миллионнан аса қазақстандық тұрақтаған. Ұлттық парктерге барушылар саны 1 234 362 адамды құрады. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында үш жұлдызды қонақ үйде таңғы ас қамтылған стандартты нөмірде жазғы кезде демалу құны бір ересек адамға 10 мың теңгеден 30 мың теңге аралығында болады. Көптеген отельдер жеңілдіктер ұсынады, ал 5 жасқа дейінгі балалар тегін демала алады. Сарыағаш курорттық аймағында бес рет тамақтанумен және емдеу бағдарламасымен стандартты нөмірде тұру бағасы 11-15 мың теңге аралығында. Алакөл жағалауында пансионы толыққанды демалыс базаларында бір нөмірдің құны 10-12 мың теңге аралығында.