Ақтауда белгісіз ер адам бөтеннің "ВАЗ 21099" маркалы автокөлігін мініп кеткен. Құқық қорғау органдары қызметкерлері оны ізін суытпай ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды "Лада". 6 маусымда шамамен кешкі 21:00-де 9-шы ықшамауданындағы ю 30-шы үйдің алдында тұрақта тұрған сұр түсті "ВАЗ 21099" автокөлігін белгісіз біреу мініп кеткен. Кіші лейтенант Ержан Аят пен лейтенант Аманқос Мұратов автоұрыны 7 және 9 ықшамаудандарының арасында қуып жетіп, қаскөйді ұстаған. Бөтеннің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен ер адам Ақтау полиция басқармасына жеткізілген", - деді ведомство өкілдері.