Books to auls. Астаналық қыз ауыл балаларына қалай көмектесіп жүр?

Мысал ретінде айтар болсақ, Әйгерім өзі де ауыл балаларына әр түрлі университетте оқығаны, түрлі ұйымдарда жұмыс жасағаны туралы спикер болған. Өзге де студенттер оқудағы тәжірибесі және шет елдерде білім алу жайымен бөліседі. - Біз кітап алып барып жүріп жоғары сынып оқушыларымен көп тілдестік. Олар бізге болашақ мамандықтары, алған бағыттары жайлы көптеген сұрақтар қойды. Ерікті ретінде пайдалы ақпарат бере алатын кез келген адам бара алады. Біз бастапқыда мектеп басшылығы қарсы болады деп ойладық. Instagram желісінде парақша ашқаннан кейін балалардың өзі бізге жаза бастады. Ауылда сабақ берген қызым мені мектебіне қайта шақырды. Осылайша біздің жұмысымыз басталып кетті. Қазір мектеп басшылығымен келісіп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып жүрміз, - дейді.
- Ауылды жерде көп адамдар өмір сүреді. Мен өзім олардың бар проблемаларын шеше алмайтыным рас. Бірақ өз тәжірибеммен бөліскім келеді, - дейді Әйгерім. Уақыт өте келе Books to auls жобасына өзге де ұйымдар атсалыса бастады. Соның бірі – Ротаракт-клуб (жастарға бағытталған халықаралық бағдарлама). Олар акция өткізіп, 250 кітап жинап, СҚО-да мектепке табыстады.
- Бәрінің де оқып болған кітаптары бар. Бірнеше сағат уақытты қиып, ауыл мектептеріне апарып беріп, оқушылармен неге тілдесіп қайтпасқа?, - дейді жоба иесі. Әйгерім ауыл балаларының Жоғары оқу орнына түсуіне көмектескісі келеді.
Қазіргі таңда бір мектеппен тәжірибе өткізудеміз. Оларға біздің еріктілер барып, шеберлік сабақтары мен воркшоптар ұйымдастыруда. Мақсат – қаладағы ЖОО түскен оқушылар санын арттыру. Қала мектептерінің тәжірибесімен де бөлісуде, - дейді Әйгерім. Бүгінге дейін жоба аясында 7 ауыл мектебі ат бастарын бұрған. 400-ден астам әртүрлі жанрдағы кітаптарды сыйлаған.
- Барлық балалар оқығысы келеді. Тек оларға қолдау мен мүмкіндік сыйлау керек. Осы үшін біз оқушылармен жұмыс жасап, тәжірибемізге бөлісуге дайынбыз, - дейді. Бұл мақала Alash Media Group холдингі және ERG компаниясы қолдауымен қолға алынған жаңа "Читающая нация" жобасы негізінде дайындалды. Сайттың бұл жобасына еліміздегі танымал тұлғалар мен Әйгерім секілді білім беру жолында аянбай тер төгіп жүрген жандар кейіпкер болады. Негізгі мақсат – жастарды оқу-білімге шақыру, қазақ тіліндегі ғажайып туындылармен сусындауына жол ашу.