Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айқын Төлепберген Жұлдызбен махаббаты танысқанын айтты: Бәрін өзім құртқан

Айқын Төлепберген Жұлдызбен махаббаты танысқанын айтты: Бәрін өзім құртқан

Белгілі әнші Айқын Төлепберген «Хабар» арнасындағы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында қонақта болып, жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты сауалдарға жауап берді. Өнерпаз сұхбат барысында отбасымен ажырасып, екінші мәрте үйленуіне себеп болған таныстықтың қалай басталғанын да айта кетті.

Айқын бағдарлама жүргізушісі Ерке Есмаханның таныстық, махаббат қалай басталды деген сұрағына: «Жәкеңмен Шымкентте тойда таныстық. Бір тойда қарама-қарсы отырып қалды. Қарап қоямын. Таныстық, сосын артынан инстаграмына дайректке жаздым», - деп жауап берді.
«Өзің бастадың?». «Иә, бәрін өзім бастадым. Негізі бәрін өзім бастадым, бәрін өзім құртқан».
Басқа жүргізушінің «Ол кезде әйеліңнің аяғы ауыр болды, бейнебаян түсірдіңіз» деген сұрағын Ерке Есмахан «Әдемі махаббат хикаясын естіп алайықшы бірінші» деп сөзін бөлді.
«Жоқ, кейін болды», - деп жауап берген Айқын нені меңзеп тұрғанын анықтамады: әйелінің жүкті болуын ба жоқ әлде «КешYou» тобының солисімен танысқанын ба.
«Болды, әрі қарай айтпай-ақ қояйыншы. Өзім солай шештім. Оған да бір себептер бар ғой, қазір бүкіл камералардың алдында айтып жатпаймын ғой бәрін», - деп әнші әрі қарай жалғастырғысы келмейтінін білдірді.
 «Бұл өмірде осындай жағдайы болған сен бірінші еркек емессің, жиі орын алады ғой» деп түсіністік танытқан Есмаханға Айқын өзін қалжыңдап, «Ұятсыз ба?» деп атады.
«Тек шетелде емес, отандық қазақстандық аға буын әртістерде көп кездесетін жағдай, бірнеше рет үйленіп жатады. Әркімнің тағдыры әртүрлі. Басыңнан өтпесе, түсінбейсің де. Мен негізі айтар едім, үйлену жағынан үлгі емес, бірақ ажырасу жағынан номірі бірінші үлгімін деп - дұрыс ажырасудан. Ешкімді ренжітпей ажырастым, көзіне шөп салып, тығылып, алдап жүргенше, келіп нақты сөйлесу керек деп ойлаймын».
«Бірінші әйеліңіз Әсел ренжімей ме?» деген сауалға Айқын біраз кідіріп, «Көңіл-күйі дұрыс, күліп жүреді, ән айтып жүреді, күнделікті сөйлесіп тұрамыз», деп жауап берді.
http://stan.kz
07 маусым 2019 ж. 2 392 0