Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әнші қыздың күйеуі болған қиын": Айқын неліктен Жұлдызды сахнаға шығарғысы келмейтінін айтты

"Әнші қыздың күйеуі болған қиын": Айқын неліктен Жұлдызды сахнаға шығарғысы келмейтінін айтты

Айқын Төлепберген жас келіншегі Жұлдыз Өмірғалиді сахнаға шығарғысы келмейтінін айтты,

Екінші рет шаңырақ көтерген Айқын Төлепберген әйелінің әнші болғанын қаламайтынын жасырмады. Мансап қуған адамның отбасына қарайтын уақыты болмайды дейді ол. Сондықтан, Айқын Төлепберген келіншегі Жұлдыз Өмірғали екі тарапқа да үйлгеру үшін актрисалыққа бет бұрғаны жөн деп санайды. Өнер иесінің басты уайымы балалары екен.
"Негізі мен Жұлдыздың актриса болғанын қалаймын. Себебі, әнші қыздың күйеуі болған қиын. Екі жақта ән сапарда жүрсек, онда бала-шағаға кім қарайды. Ол ән айтып жатқанда хабарласып қалсаң, ол телефонын көтермесе, уайымдай бастайсың. Қыздар карьера қуып кетсе, жанұя екінші орынға қалып қалады", - дейді Айқын Төлепберген.
06 маусым 2019 ж. 1 281 0