Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тіпті су да тегін емес": Айқын арзан билет сатқан әуе компаниясының былығын әшкереледі

"Тіпті су да тегін емес": Айқын арзан билет сатқан әуе компаниясының былығын әшкереледі

Айқын Төлепберген арзан билет сатқан әуе компаниясының былығын ашты

FlyArystan деп аталатын арзан билет ұсынып, жарнамасын дардай қылған әуе компаниясын әшкерелегені жайлы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. Арзан бағаға билет сатамыз деген аты ғана болмаса, бірнеше ай бұрын алмасаң, әдеттегіден көп қаржы төлеп ұшасың, оған қоса тамақ ішпей барасың деп ашуланды Айқын Төлепберген.
"7 мың және одан сәл қымбат билеттер дейді ме? Мүлде олай емес. Мен Орал-Алматы бағытында ұшу үшін билетімді 52 мың теңгеге алдым. Ол аздай, бортта тамақтану ақылы болып шықты. Тіпті су да тегін емес, оны да сатып алу керек", - дейді өнер иесі.
Жарнамасы дардай болғанымен, құны аз билеттер жоқтың қасы дейді Айқын Төлепберген. Соған қарағанда өнер иесі ұшақтан үнемдеймін деп, өзі ұтылып қалған сыңайлы.
"Уәде еткен арзан бағалары қайда? Жарнамалық жазбаларда басқа баға, ал іс жүзінде арзан деп отырған билеттері өте аз. Оған қоса, оларды бір ай бұрын сатып алу керек. Кеше Нұр-Сұлтанға билет іздегенмін. Онда Скат пен БекЭйр әлдеқайда арзан баға ұсынды. Жалпы, ұшақ пен қызмет көрсету керемет", - деп сөкті әуе компаниясын ол.
http://stan.kz
30 мамыр 2019 ж. 814 0