Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әміржан Қосанов: Арым таза! Саясатта да, жеке өмірімде де ешкімді ешқашан сатқан емеспін!

Әміржан Қосанов: Арым таза! Саясатта да, жеке өмірімде де ешкімді ешқашан сатқан емеспін!

Президенттіке үміткер Әміржан Қосанов Баян Мақсатқызына берген сұхбатында алдағы сайлау, халықтың осал тұстары, жоспарлары, отбасы туралы әңгімелеп берді

Белгілі оппозиционер өз кемшіліктері туралы: «Менің жалқаулығым ұнамайды, 50 жас мерейтойыма қарай кітабымды аяқтаймын деп жоспарлап едім. Оған толғауларым, өмірімдегі елең еткізер оқиғалар, өлеңдерім кіреді. Бірақ үлгермедім. Апта сайын жазтынымды ескерсек, мүлдем жалқау деп айтуға болмайтын шығар. Бірақ жүйелілік, уақытымды дұрыс ұйымдастыру жетпей жатады. Адамға тән барлық кемшіліктер маған да тән, жолдастармен араласу, сөйлесу басқасы бар, бірақ оны зая кеткен уақыт деп айта алмаймын. Кейде дос-жаранға көмектесу керек болады», - деп жауап берді.
«Екінші кемшілігім - саясаткерке тән қасиеттер жоқ, досым деп есептеген адамдардың тарапынан сатқындық болды. Бірақ «Таспен атқанға аспен ат» дегендей, ешқашан кек алған емеспін. «Сіз сатып кетуге болатын адамсыз» деп айтқан еді бір психолог. Өйткені ешкімнің ізіне түсіп, кек сақтауды білмеймін. Бірақ жамандыққа жамандықпен жауап бергім келмейді. Тіпті осы сайлау алдында көп сатқындық болды, митингтерге бірге шыққан, бір-бірімізді қолдаған адамдар түрлі нәрселер айтып жатыр. Ешкімді ешқашан сатқан емеспін, саясатта да, жеке өмірімде де», - деп жалғастырды.
Баян Мақсатқызының «Қазбаласа, сізге компромат табуға бола ма?» деген сауалына Қосанов: «98-нші жылы оппозицияға кеткенде бір адамдар артымнан түсіп, кейін таза екенімді айтты. «Бір сыраханаңыз да, зауыттарды айтпағанда, ештеңеңіз жоқ екен. Сізге деген құрметімізді білдіргіміз келді» деп өздері айтты. Кішкентай кезімнен әділдікке деген құмарлығым ерекше болды. Бала кезімнен-ақ жарыс кезіндегі әділетсіздік үшін аудандық газетке кішкентай мақаламды жазғанмын. Сол кезде сөздің құдіретін түсініп, журналистикаға келуіме де себеп болды», - деп жауап берді. 
«Сайлауалды бағдарламасын бөлінген 7 млн-ға жүзеге асырасыз ба? Жоқ тағы бар ма қаржыландыру?» деген сұраққа саясаткер:
"Бар болса да, маған жанашыр жолдастарымның көмегі, осы күнге дейін 76 млн теңге жұмсалды, штаб шығыны бар, сайлауалды үгіт-насихаты бар. Жолдастарым, туған-туыстарым бар көмектескен, өзімнің де жақсы ақша табуға мүмкіндігім бар", - деді ол.
07 маусым 2019 ж. 920 0