Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алмас Кішкенбаев өзіне қол салмақ болғанын айтып көзіне жас алды

Алмас Кішкенбаев өзіне қол салмақ болғанын айтып көзіне жас алды

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев көп жылдан бері алғаш рет көлемді сұхбат беріп, басынан өткен қиын күндер туралы сыр шертті. Соңғы бір жылдағы өзгерістер әншіні ішімдікке салынуға мәжбүрлеп, суицидке дейін жеткізген.
Әнші, тіпті, маскүнемдіктен арнайы емдейтін жерге қаралған. Десе де, ол дәл қазір ішімдікке жоламайтынын айтады.
"Ішімдікке салынып кеттім деп айта алмаймын. Бірақ сәл жақындау болғаным рас. Яғни мендегі артық салмақ соның кесірінен. Соңғы кезде өмірімде болып жатқан өзгерістерге байланысты бұл үш есеге артып кетті. Бастысы, ол жаман нәрседен қазір алыспын, өмірімде мүлдем жоқ. Ешқашан жақындамаймын. Арнайы емделетін жерге баруыма тура келді", — деді Алмас Кішкенбаев Гәкку арнасының "Шыны керек" бағдарламасында.
Айтуынша, өзін тоқтата алмайтындай дәрежеге қалай жеткенін байқамай қалған. Сол қиын сәттерде ішімдіктің жанын жұбатқанын да жасырмады. Мұнымен қатар, әнші алғаш рет әкесі туралы сұраққа жауап берді. Әкесінің кім екенін осы күнге дейін анасынан сұрап көрмеген екен.
Бірнеше күн бұрын жұбайы Мөлдір ажырасқандарын растап желіде пост жазған болатын. Әнші де сұхбатында бұл ақпараттың рас екенін мойындады. Заң жүзінде айырылысқандарына бір жылға таяп қалған екен. Экс ғашықтар бір-бірімен көріспесе де, әкесі қыздарымен күнделікті еш кедергісіз жүздесіп тұрады.
"Өмірімде не болып жатқанын өзім білмеймін. Шынымды айтсам, осы нәрсе болып жатқан сәтте "Оларсыз қалай өмір сүремін?" деп ойладым. Мен бұл сұраққа ешқандай жауап таба алмадым. Бір айтарым бар: Мен ешкімді тастап кеткен жоқпын, ешкімнің соңынан да кетпедім", — деді ол.
Әрі қарай әнші қандай жағдай болмасын, бұрынғы әйелімен қайта татуласуға қадам жасамайтынын меңзеді. Бұдан өзге ол өмірден баз кешіп, терезеден секіріп кетпек болған сәтті есіне алды. Бұл райынан қайтуына қызы себепші болған екен.
"Мұның барлығы жаңағы жаман нәрсенің әсері болды. Терезенің алдында тұрғанымда Зеренің маған қоңырау шалғаны тоқтатты. Ешкімді жамандамаймын, жамандай да алмаймын", — деп Алмас Кішкенбаев бұл жағдайдың бәріне өзінен басқа ешкімді кінәламайтынын айтты.

12 қараша 2018 ж. 1 165 0