Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айжан Байзақова маникюр жасату үшін Нұр-Сұлтанға бір күнге ұшып барып келді

Айжан Байзақова маникюр жасату үшін Нұр-Сұлтанға бір күнге ұшып барып келді

Нұр-Сұлтанға тырнақ жасату үшін барған Айжан Байзақова жұртты таңқалдырды

Блогер желідегі парақшасына бір күнге астанаға барып, тойға арналған маникюр жасатып келгені туралы жазған. Тырнағына ерекше тәжірибе жасап көрген ол жазбасы арқылы тойға қызу дайындықты бастап кеткенін байқатты.
"Нұр-Сұлтанға бір күнге тойға арналған маникюр жасатуға ұшып барып келдім. Маған қатты ұнады. Өмірімде бірінші рет тырнағыма жылтырақ жабыстырдым. Өмірімді бір рет жасауға болады", - дейді Айжан Байзақова.
Тырнақ жасату үшін ұшып астанаға барған Байзакова жұртты аң-таң қылды. Олар аруға бақыт тілеп, тойының жақсы өтуін қалайтындарын айтты. Тіпті кейбірі тойға шақырмадың деп шағымданған.
http://stan.kz
07 маусым 2019 ж. 1 410 0