Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіздің жеке мәліметтеріңіз қолына түскен жағдайда алаяқтар қандай әрекетке барады

Сіздің жеке мәліметтеріңіз қолына түскен жағдайда алаяқтар қандай әрекетке барады

Жоғалған жеке куәліктер әдетте алаяқтардың қолына түседі. Арам ойын іске асырғысы келетіндер миллиондап несие алуға тырысады.

Ондаған адам осындай алаяқтардың құрбаны болып үлгерді. Адамдар өзіне банктен хабарласқанда ғана, қарызы барын біліп жатады. 
Алматылық Марат Абдрахманов қазір айына бір рет несие тарихын, есепшотын тексеріп отырады. Бірнеше жыл бұрын көлікті несиеге алмақ болған. Алайда банк алдында қарыз барын біледі. 340 мың теңге борышкер болып шыққан. Өзі бұл сомада ешқашан несие алмағанын айтады. "Өмірімде бір рет қана 2004 жылы несие алғанмын. Одан кейін несие алған емеспін", - дейді өзі. Кейін анықталғандай оның жоғалған жеке куәлігі арқылы бөгде кісі несие алған. Белгісіз жан 340 мың теңгеге Мараттың атынан теледидар мен телефон алған. Марат Абдрахманов банк қызметкерлеріне теледидар мен телефонды өзі алмағанын айтып сендірді. Олар Мараттың қолтаңбасы мен жеке куәліктегі мәліметтерін тексерді. 
12 маусым 2019 ж. 1 074 0