Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай облысында банк қызметкері тұрғындарды алдап, атынан несие алған

Қостанай облысында банк қызметкері тұрғындарды алдап, атынан несие алған

Қостанай облысы полиция департаменті қызметкерлері азаматтарды алдап, несие алған алаяқты қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Лисаков қаласында болған.Полиц ейлердің хабарлауынша, 25 жастағы банк қызметкері клиенттердің құжаттарының көшірмесін жасаған. Содан соң осы құжаттар арқылы шағын несие алып отырған. Ал ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған.

Қазіргі уақытта полицияға банк қызметкеріне алданған 4 жәбірленуші арыз жазған. Күдікті Лисаков тұрғындарына жалпы сомасы 500 мың теңге залал келтірген. Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
kaz.nur.kz
17 наурыз 2019 ж. 1 190 0