Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Банкпен соттасқан Қостанай тұрғыны жеңіп шықты

Банкпен соттасқан Қостанай тұрғыны жеңіп шықты

КОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық соты банктен алған қарыз келісімшартын жарамсыз деп тану туралы қала тұрғынының арыз-шағымын қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.










Сот материалдарында көрсетілгендей, 2013 жылы шағымданушы мен банк арасында келісімшарт жасалған. Шартқа сәйкес шағымданушы ай сайын банк қызметі үшін 4200 теңге көлемінде комиссия төлеуі керек болған.  
Шағымданушы келісімшартты негізсіз деп танып, қосымша төлемді банк  заңсыз түрде алып келгеніне байланысты сотқа арызданады. «Шағымданушы бұл төлемді заңсыз деп есептеп, комиссияны төлеу және банктен ұсталатын соманы қайтару бөлігінде несие шартын жарамсыз деп тану туралы сотқа талап қойды», - деп түсіндірді ведомство.  Сот шағымданушының талаптарын толығымен қанағаттандырды.
30 наурыз 2018 ж. 1 665 0