Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк басшысы Qazaq bank жағдайы туралы айтты

Ұлттық банк басшысы Qazaq bank жағдайы туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында Qazaq bank-тің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бұл жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Акционерлер арасында қаржылық тұрақтылықты нығайту мақсатында келіссөздер жүріп жатыр. Акционерлер жұмыс жоспарын ұсынды. Бұл шаралардың барлығы жүзеге асарынан үміттенеміз. Басқа ақпарат бере алмаймын», - деді Ақышев. Осы сәтте Ұлттық банк басшысының онлайн-конференциясы өтіп жатыр. 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отыр.  
22 ақпан 2018 ж. 2 321 0