Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Миллиондаған баға емес": Гүлнәз Жоланова гонорары туралы айтты

"Миллиондаған баға емес": Гүлнәз Жоланова гонорары туралы айтты

Гүлнәз Жоланова әр түсірілім үшін алатын гонорары туралы айтып берді

Танымал актрисаға проюсерлер тарапынан түсетін ұсыныс көп. Туындыларға ерекше талғаммен қарайтын ол уақыт өте келе гонорарларымның бағасы да өсіп келеді деп ашығын айтты. 
"Шыны керек, кез келген жерде әр бөлімнен әрі қарай гонорардың өсуі қалыпты құбылыс. Енді үш-төрт есе деп, миллиондаған баға емес. Аз-маз болса да жылдан-жылға гонорар өсуде", - дейді Гүлнәз Жоланова.
Әр жобасы қомақты қаржы алып келетін актриса кинолардың жалпы табысынан хабарсызбын дейді. Алайда, образдары халықтың жадында сақталатынын жасырмады ол.
"Түскен жобаларым касса жағынан жақсы ма? Бір түскендерім елдің де назарына ілініп, әріптестерім жаттап алатын шығар", - деп мақтанды Гүлнәз Жоланова.
13 маусым 2019 ж. 1 009 0