Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Балалардың еміне жұмсаймын": Рано Омарова көйлектерін жаппай сата бастады

"Балалардың еміне жұмсаймын": Рано Омарова көйлектерін жаппай сата бастады

Рано Омарова көйлектерін сатып, балаларға қолдау көрсетпек,
Өнер иесі желідегі парақшасында көйлектерін сатылымға шығарғанын жария еткен. Бірнеше киім үлгілерін көрсетіп, бағасы мен өлшемін жазған.
"Қыздар, жақын арада өзімнің киімдерімді жинап жатқанда киілмейтін бірнеше көйлек тауып алдым. Оларды бірнеше рет кигенмін. Егер ұнап жатса, сұраған бағаларыңызға сата аламын", - деп жазды Рано Омарова.
Сонымен қатар, әнші жиналған ақшаны науқас балалардың еміне жұмсайтынын жасырмады. 
"Қаражат ем қабылдауды қажет ететін балалардың шотына жіберіледі", - дейді ол.
Артынша әнші әрбір көйлектің түрі мен түсін сипаттап, қанша рет кигенін жазып киімдерін жарнамалаған.
17 маусым 2019 ж. 847 0