Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропадағы ең үздік әйел образы: Қазақстандық актриса кинодағы рөлі үшін марапатталды

Еуропадағы ең үздік әйел образы: Қазақстандық актриса кинодағы рөлі үшін марапатталды

Динара Шәріпова "Бойжеткен және теңіз" атты әлеуметтік кинокартинада басты рөлді сомдап, "Үздік әйел рөлі" номинациясын жеңіп алған. Лондон қаласында Romford Festival аясында өткен еуразиялық фестивальде қазақстандық актриса өзінің талантын дәлелдеген. Оқиға желісі бойынша Динара Шәріпова церебралды сал ауруы ауруханасында тұратын Әсел есімді қыздың рөлін ойнаған. Туындының шарықтау шегі Әселдің дәл осы ауруға шалдыққан Тимур есімді жігітке ғашық болған жерінен басталады.
"Бойжеткен және теңіз" кинокартинасы церебралды сал ауруына ауруына шалдыққан балалардың тағдырына, махаббат пен отбасы тақырыбына арналған.
17 маусым 2019 ж. 1 173 0