Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» атанды

«Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», - деп жазды министр. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Asian Film Awards Academy - «азиялық Оскар» саналады. Азия киноакадмиясы номинанттардың тізімін 11 қаңтарда белгілеген. «Бұл өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!», - дейді министр.
Еске сала кетсек, Самал Еслямова былтыр 71 Канн кинофестивалінде өз аталымы бойынша үздік деп танылған болатын. Актриса ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.