Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Самал Еслямова Елбасымен кездесу үшін таңғы 7-де тұрған

Самал Еслямова Елбасымен кездесу үшін таңғы 7-де тұрған

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай нәзік жанды аруларды қабылдады. Бұл құрметке ие болғандардың қатарында актриса Самал Еслямова да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актриса Елбасымен алғаш кездескенде мемлекет басышысы оған мемлекеттік награда табыстаған еді.
Ал бұл жолы шақырылған 18 арудың қатарына енген Еслямова дөңгелек үстелде Елбасының сол жағында отырды.
"Бұл өте әсерлі кездесу болды. Жақсы адам екені бірден сезіледі", - дейді актриса.Самал Еслямова Назарбаевпен кездесу үшін сағат таңғы 7- де тұрып, кәсіби визажистердің көмегімен бетін әрлеген.
Ал кәсіби бет әрлеушілер кездесу алдында бикештер орналасқан қонақүйге шақырылыпты.
Самал енді Петропавлға анасына баратынын айтты. Актриса Астана қаласынан оған сыйлық сатып алмақ.

kaz.nur.kz
07 наурыз 2019 ж. 980 0