"Баламның әкесімен айырылысып кеткеннен кейін": Шахизада өкініші туралы айтты

Екінші рет тұрмыс құрған Шахизада тағдырдың жазғанына көнген. Өнер иесінің екінші сәбиі үш айында шетінеп кеткен көрінеді. Алайда, ол өзі жасаған олқылықтың орнын келіні толтыратынына сенімді.
"Алладан сұрап, емделіп жүріп екінші жолдасымда көтерген болатынмын. Бірақ, үш ай болғанда ішімде өліп қалды. Алла берді, алды. Қазір келініме тоқтама деп айтып отырамын. Өйткені менің балам жалғыз өсті. Сондықтан, "Мен сіздің жалғыз балаңызбын ғой" дегенді де көп естідім. Бұрын тек өз басын ойлайтын", - дейді Шахизада
Осылайша өнер иесі мүмкіндік барда ана болу керек екенін айтып кеңес берді. Адам ниеттенсе, құдай береді дейді ол.
"Құдай беріп жатса көп балалы болу керек. Өнер адамдарының ішінде ана бола алмай жүргендері де бар. Бірнеше бала туып алыңдар деп ақылымды айтамын. Құдай күйеу бермесе де, ана болуға тиістісің", - дейді Шахизада Байпатшанова.