Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Алғашқы кезде ұялғаны дұрыс": Шахизада су жаңа келінін жер-көкке сыйдырмай мақтады

"Алғашқы кезде ұялғаны дұрыс": Шахизада су жаңа келінін жер-көкке сыйдырмай мақтады

Шахизада жаңа түскен келінін көрсетті

Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде туған күнін атап өткен Шахизада ұлы мен жаңа келінін көрсетті. Әншінің тойында қонақ болған ұлы мен келіні өнер иесіне ерекше әсер сыйлаған сияқты. Шахизада жақында ғана келін түсіріп, үшінші немересіне әже атанбақ.
"Рахмет, айтқаныңыз келсін. Мама, отағасының сөзіне қосыламын. Біз сізді жақсы көреміз. Барлығы жақсы болсын", - дейді Шынар есімді Шахизаданың келіні.
Келінінің тілегіне жүрегі елжіреп кеткен Шахизада Шынардың ұялшақтап жүргенін да жасырмады.
"Келінім ұялып отырды. Оның бәрі орынды. Алғашқы кезде дұрыс қой. Кейін-кейін үйрене бастайды. Менің келген достарым, туыстарым бәрі жақсы көріп, құттықтап жатыр", - дейді Шахизада.
Ал халықтың алдына көп көрінбей, өзінің орнын біліп, келіндік қызметін атқарып жүрген жары туралы Шахизаданың ұлы айтып берді.
"Жұрттың көзінен тыс ұстау керек сияқты. Бәрі уақытымен деп ойлаймын", - дейді Шахизаданың ұлы.
http://stan.kz
21 мамыр 2019 ж. 1 799 0