"Көршінің қызын жүкті қылды": Асылхан Төлепов сахнаға қайта оралды

Әлеуметтік тақырыптағы басты мәселелерді қозғайтын қойылымды халық қабылдамауы мүмкін деген қорқыныш болған екен. Алайда, "Адам - зат" көрермен көңілінен шыққан. Бұл жайлы театр басшылығы айтып берді.
"Бізде көрермен қабылдай ма? Қабылдамай ма? деген қорқыныш болды. Көрерменнің қабылдауы біздің көңілімізді, қорқынышымызды сейілтті. Қайта қуаныш сыйлады. Көрермен осындай бағыттағы туындыларды қабылдай алатынын түсіндік", - дейді Азамат Сатыбалды.