"Перзентханада емес": Асылхан Төлепов бала күнгі үйін көрсетті

Туған елге барып, муқын басып, еркелеп жүргенін айтты. Сонымен қатар, туған мекенін жұртқа таныстырды. Оған қоса Төлепов жылы қарсы алған жақындарына алғыс айтуды да ұмытпады.
"Мен осы қара шаңырақта дүниеге келдім. Туған ауылым Жетікөл (Қара-ой). Ауылдың топырағына аунап, еркелеп жүрмін. Келгелі аяғым жерге тимеді. Ыстық ықыластарыңызға мың алғыс!" - деді ол.