"Ең болмаса, мешітке бар": Байзақова жақындарының түсік жасатуға қалай үгіттегенін айтты
Әлеуметтік желіде танымал болған Айжан Байзақова жүктілігін алдын ала жоспарламағанын айтты. Тіпті, оны жақын адамдары түсік жасатуға көндірмекші болған екен,
Айжан Байзақова бастапқыда жақындарының балалы болуына қарсылық білдіргенін айтады. Алайда кейін олар некесіз туған немерелерін жақсы көріп кеткен екен.
«Әрине, мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Яғни өзімнің жүктілігім туралы айтамын. Өйткені, сол сәтте мен ішімдік ішіп, көңіл көтеріп жүр едім. Кенет бала көтеріп қалдым. Бірақ менде түсік тастау туралы ой болмады. Керісінше менің жақындарымда болды. «Қалай? Не үшін? Бала туамын дегеніңді қалай түсінеміз? Тұрмысқа шықпасаң да, ең болмаса, мешітке барып, некеңді қидыр» деп айтты. Маған қатты қысым көрсетті», - дейді танымал блогер.
Әрі қарай ол баланы қалдыру туралы шешім қабылдағанына еш өкінбейтінін жеткізді. Сондай-ақ, өзіне ері тастап кеткен көптеген қыздың хат жазғанына тоқталды.
«Бірақ бала туған соң, жақындарымның пікірі өзгерді. Олар үнемі баламның айналасында жүгіріп жүреді. Маған ері кетіп қалғаны үшін түсік жасатқан көптеген әйел жазды. Сол сәт өмірлерінің соңы деп ойлаған екен. Шын мәнінде, бала пайда болған кезде көп ақша табуға мүмкіндік те көбейеді. Жауапкершілік пен мотивация пайда болады дегендей. Қаласаң да, қаламасаң да, ол үшін жасайсың. Эксперимент арқылы осыны жеткізгім келді», - дейді ол.
Мұнымен қатар, Байзақова баласы барда ешуақытта жалғызсырамайтынын айтты.
«Егер сенде бала болса, сен жалғыз емессің. Балаң – сенің бақытың. Маған көп адам «Ерің бола тұра мұндайды қалай жазасың» деп сұрайды. Мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлаймын. Себебі, сен өлген жоқсың, теледидарға айналып кетпедің. Кейін балаңмен бірге қабылдайтын адам да табылады. Жақсы ер адамдар баламен бірге қабылдайды. Мұндай оқиғалар көп дейді», - дейді Айжан Байзақова.