"Ғашықпын": Нұрболат Абдуллин кімге еркелегенді жақсы көретінін айтты

Өнерді әріптестеріне қарағанда басқаша бағалайтын Нұрболат Абдуллин өзін халықтың еркесімін деп таныстырды. Тәлімгері туралы айтып, ағынан жарылған өнер иесі қазаққа қарыздармын деп алғыс айтқан. Тіпті Нұрболат Абдуллин кімге ғашық екенін де жасырмайтынын жеткізді.
"Өнерге, көрерменге, халыққа ғашықпын. Халықтың арасында еркелеп жүргенді жақсы көремін. Өнер деген тек ән айтудан, бейнебаян, кинодан тұрмауы керек. Ол үлкен, ауқымды дүние. Мені тәрбиелеп жатқан қазақ өнері. Мен қазаққа қарыздармын", - дейді өнер иесі.