Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нұрболат Абдуллин сахнада неге жылады?

Нұрболат Абдуллин сахнада неге жылады?

Әнші Нұрболат Абдуллин сахнада жылап тұрып ән айтты. Аяулы сәт көрерменнің де көзіне жас келтірді.

Нұрболат Абдуллин “Менің әкем ең жақсы адам” әнін орынады. Сахнада жанды дауыста ән шырқаған әншінің көңілі босап, өзін өзі ұстай алмады. Әнді жылап тұрып орындап шықты.
Көрермендер де бұл сәтте көз жасына ерік берді.
“Бәрімізді жылаттың ғой, бауырым”, – деп жазды КТА ойыншысы Ғазиз Ерболат желідегі парақшасына видеоны жүктей отыра.
Желі қолданушлары арасында әншінің даусын сынға алғандар да бар.
“Даусы жетпейді. Ән бұл әншіге сай емес” десе, енді бірі “көңілі босаған соң айта алмай тұр деп ақтап жатыр.
Stan.kz
04 желтоқсан 2018 ж. 2 327 0