Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өзімді 55-тегідей сезінемін, жас көрінгім келеді": Мұрат Құсайынов әлі де сахнада жүретінін айтты

"Өзімді 55-тегідей сезінемін, жас көрінгім келеді": Мұрат Құсайынов әлі де сахнада жүретінін айтты

«Дос-Мұқасан» тобының көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов өзін барынша жас сезінгісі келетінін айтты. Мұнымен қатар, өзін жас сезінуге не көмектесетініне де тоқталды,

«Өзімді 50-55-тегідей сезінемін. Бұдан да жас көрінгім, жас болғым келеді. Менің ойымша, бұл халықтың арасында жүргеніміздің бір белгісі мен жауапкершіліктің арқасы. Сосын үнемі сахнаға шыққан сайын адам сергіп, соған дайындалады. Жұмыс кестесіне қарап, ұйқысын дұрыстап, кейін халықтың алдына шыққан кезде жарқырап шығады. Басқаша шығуға болмайды. Шаршап тұрсаң немесе әнді айта алмай тұрсаң, ұят болады», - деді ол. 
Әрі қарай сазгер халықтың қошемет-қолдауының өзі үшін орны ерекше екеніне тоқталды. Бұл, әсіресе, соңғы концерті кезінде білінген екен. 
«Екіншіден, халық бізге белгілі бір деңгейде әсер етіп жатыр. Басқа концерттерді қоя тұрып, былтыр топтың 50 жылдық мерейтойына арналған концерт туралы айтайын. Алдымен, бір де бір билет қалмай, аншлаг болды. Екіншіден, бастан-аяқ 25 нөмір орындадық. Барлығын тірі дауыспен айтып, өзіміз ойнап шықтық. Сол кездегі жұрттың қошеметін көрсеңіз. Одан біз жасарып шықпағанда, кім жасарады? Іштей «Біз жас екенбіз ғой» деп ойлап, осы қошемет бізге энергетика беретін сияқты», - деді сазгер. 
Әрі қарай ол «Дос-Мұқасан» тобы қашанғы сахнада жүре береді?» деген сауалға жауап береді. Мұрат Құсайынов өнерді спортпен шатастырмауға кеңес берді. Айтуынша, спортта күш кетіп, адам жүгіре алмай қалса, өнер керісінше шыңдала береді.

https://stan.kz  

24 маусым 2019 ж. 909 0