Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қыздар жақсы жігітті қоймайды ғой": Мұрат Құсайынов неге 22 жаста үйленгенін айтты

"Қыздар жақсы жігітті қоймайды ғой": Мұрат Құсайынов неге 22 жаста үйленгенін айтты

«Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов неліктен ерте үйленгенін түсіндірді. Мұнымен қатар, ол карьерасында тойға барып ән салуға заңмен тыйым салынғанын ашып айтты,

«Басында өзіміз де түсінген жоқпыз. Мен 22 жасымда үйлендім. Жақсы жігіттерді қыздардың қоймайтынын білесіз ғой. Уақытында алып кетеді. Ол уақытта әйелім 21 жаста болды», - дейді музыкант. 
Әрі қарай ол әйелімен арадағы таныстықтың да қызық болғанын айтты. Сондай-ақ, бір кездері тойға шығып ән салуға заңмен тыйым салынғанын ашып айтты. 
«1967 жылы «Дос-Мұқасанды» құрдық. 1968 жылы мен ол кісімен таныстым. Қазір жастар тойға шыға береді. Жалпы әйелім екеуіміздің қалай танысқанымыз да қызық болды. Қазір «Жастар неге тойға барады?» деген әңгіме болып жатыр. Мысалы, біз де барамыз.
Кеңес одағы кезінде тойға барып ән айту деген болмайтын. Ол уақытта бұған заңмен тыйым салынатын. Тойға барып ән айтсаң, ертесінде шақырып алатын. Бұл 1974-75 жылы біздің ансамбльдің министрліктің қарамағына өтумен байланысты. Ол уақытта тойға барып ақша табу дұрыс емес болып есептелетін. Ұяттаудан бұрын көлденең табыс болып саналатын», - деді Мұрат Құсайынов. 
Естеріңізге сала кетсек, жуырда сазгерге қатысты сот үкімі шыққан болатын. Ол айыпты деп танылды.Алайда аталған отырысқа журналист қауымы қатыса алмады. Мұрат Құсайыновтың денсаулығына байланысты олар сыртқа шығарылды.
24 маусым 2019 ж. 945 0