Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхамеджан Тазабеков полицейлер туралы: Жетім көңіл, жыртық жүрек жамала ма?

Мұхамеджан Тазабеков полицейлер туралы: Жетім көңіл, жыртық жүрек жамала ма?

Мұхамеджан Тазабеков тәртіп сақшылары күніне орай желідегі парақшасында жазба қалдырған. Қоғам қаталданған сайын, полиция қызметкерлері сол қоғамға қарай бейімделетінін жеткізді ол. Әлемнің қай қаласын алып қарасақ та, тіпті меккеде де жағдай мәз емес екен."Дүние жүзінің қай елінде де полиция қаталдықтың, тәртіптің, суықтықтың символы екені өтірік емес. АҚШ-та бағынбаған тұрғынды полиция атып тастайды. Қасиетті Меккенің өзінде жұртқа кедергі жасаған пендені намаз оқып тұрса да желкелеп отырып, сыртқа итерген құқық қызметкерлерін талай көрдік. Қазір әлем солай", - деп жазды ол.
Жылаған әйел қауымына жаны ашыған ол ер азаматтардың намысын оятпақшы болған. Алаңға шығудың өзін байланыстыра жазып, салдар бар, себеп жоқ, анықталмаған деп ашынды. Бұндай заттардың орын алуы ер адамдардың кесірінен дейді Тазабеков. Өйткені еркегі мықты болған ел анасын жылатпайды.
"Еркегі мықты елдің анасы алаңда жылаушы ма еді? Біз туыстық құндылықтан алыс жүрген Еуропа жұрты емеспіз ғой. Жылған ананың әкесі қайда? Қамқор жары, арқа сүйер баласы қайда? Мұңын тыңдап, мауқын басатын, сырын ұғып, уайымын кетіретін ағасы қайда, бауыры қайда? Олар болмаса, жарайды өкімет өлтірмес. Бір қажетін ашар, баспанасын ба, басқасын ба тауып берер. Бірақ, жетім көңіл, жыртық жүрек жамалар ма? Жетім бала, жесір әйел тағдыры тұғырын табар ма? Алаңда жылап жүріп, салдарын шештік, себебін біреу табар ма?" - дейді Мұхамеджан Тазабеков.
Құқық қорғаушылар мен халықтың арасына от салып, тыныштықты бұзатындардың бар екенін жасырмады Тазабеков. Қозғаушы күштердің әрекеті басылмайынша елде тыныштық болмайтынын, гүл алған жігітті жыр қылғанның пайдасы жоқ екенін айтты ол.
"Біздің де кейбір дұшпандарымыздың арманы құқық қорғаушылар мен құқы қорғалу керек xалықтың арасына осындай дұшпандық салу екені анық. Әзірше, әрине гүл берген бүлдіршін мен жымиған сақшының сәтті суретін талқылап, жүздескендерін жүз күн әңгіме қылармыз. Бір-ақ, елде тыныштық сақталмаса, қоздырғыш күштердің әрекеті тоқтамаса, бәрі де бекер", - дейді ол.
https://stan.kz
24 маусым 2019 ж. 627 0