Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізетін нәзікжандыларға құрмет көрсетті

Жол патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізетін нәзікжандыларға құрмет көрсетті

Жер жаһанға жылуын ала келген көктем мезгілінің ең шуақыт мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні екені баршаға мәлім. Әдетте осы мереке қарсаңында нәзікжандылардың баршасы түрлі құрметке бөленіп жатады. Отбасылық өмірде болсын, қызметтік салада болсын оларға күні бүгінде түрлі құрмет көрсетіліп жатқаны жасырын емес.Тіпті Елбасының өзі Ақорда төрінде түрлі саланың майталман нәзікжанды мамандарын қабылдап шуақты мерекелерімен құттықтады. Біз осы ретте өзіміз куә болған көріністі айта кеткенді жөн санадық.
Аудандық полиция бөлімі жол потрульдік полиция қызметкерлері бір көлікті тоқтатты. Көп жағдайда көзіміз куә болатын көрініс ойма орала кеткені. Бір жағдайларға байланысты құжат тексеру жұмыстары жүріп жатқан болар деп ойладық. Алайда, көз алдымыздағы көрініс біздің көңілімізге қуаныш сыйлады. Жол патрульдік қызметкері тоқтатқан әлгі көліктің тізгінінде әйел адам екен. Көлікті тоқтатқан қызметкер жүргізуші әйелді мерекесімен құттықтап, оған гүл сыйлады.

Міне, осылайша бүгін өзіміз куә болған көрініс көпшіліктің көңілін көтерді. Әсіресе бүгін көлікке отырған жүргізуші әйелдер үшін. Расында, әлемді әлдилеген әйелдер қауымына қандай құрмет көрсетсек те көптік етпес қой. Біз де нәзікжандылардың көңілін жадыратқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында оларға бар жақсылықты тіледік.
А.Бисенов.
08 наурыз 2019 ж. 2 852 0