Жол жүру ережелерін білмейтін түркістандық полицейлер қызметтерінен кетті

Әлеуметтік желілерде пайда болған бейнеге байланысты, полиция қызметкерлері ҚР Жол жүрісі Ережелеріне (одан әрі ЖЖЕ) сәйкес, мотоцикл көлігінде медициналық жолдәрі қорабының (аптечка) болу қажеттілігін түсіндіре алмағандығы белгілі. Болған жайтқа ТО ПД қызметтік тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде ТО ПД Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полицейлері өзінің функционалдық міндеттерін және ҚР Жол жүрісі Ережелерін жеткілікті деңгейде білмегені үшін атқарып отырған лауазымдық қызметтерінен босатылды.
ernur.kz