"Шумахер деген атым бар": Қарақат Әбілдина неге әкесінің көлікке отырғызбағанын айтып берді

Қарақат Әбілдина әкесінің неге көлік тізгініне отырма деп айтқанын түсіне алмай әлек. Оның бірнеше болжамдары да бар көрінеді. Алайда, қазіргі таңда Қарақат Әбілдина жүргізушімен жүріп әбден үйреніп қалған. Тіпті өнер иесі жүргізушінің болғаны жақсы дейді.
"Бірде концертіме алдына отырғызып қойып, айдағаным бар. Содан қатты жүргенімді байқады ма, түсіне аян берді ма? Сол кезде Мәдина Ералиева әнші апамыз автокөлік апатынан қайтыс болған, соны жүрегіне алды ма екен. Әкемнің бір ауыз сөзі, содан мен рөлге отырмадым. Кәдімгі жүргізушімен жүремін. Бұл маған өте ыңғайлы", - дейді Қарақат Әбілдина.