"Алла сауаптан жазсын": Қыдырәлі Болманов өзінің туған күнінде 600 адамға ауызашар берді
Қыдырәлі Болманов өзінің туған күнінде 600 адамға ауызашар беріп, рамазан айында сауапқа кенелді
Бұл жайлы әншінің жары Қарақат Әбілдина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырған. 600 адамның сауабына кенелген жұлдызды жұп туған күнді осылай атап өткен көрінеді.
"Қыдекенің жеке меншік күнінде "Әзірет Сұлтан" мешітінде 600 адамға ауызашар беріп, xалықтың батасын алдық. Алла сауаптан жазсын! Тілектес болып келген қазақтың мықты қыздарымен", - деп жазды Қарақат Әбілдина.
Қыдырәлі Болманов пен Қарақата Әбілдина жасаған садақаларын жария етті деп шулады желідегі жұрт.
"Тоқ адамды тойдырмай, аш адамға берсеңіздерші. Сонда сауабы мол болады", "Жағдайыңыз келіп тұрса, бір жетімнің маңдайынан сипап, жоғын түгендесеңіз нұр үстіне нұр болар еді", "Алланың жолына берген садақа жарияланбайды" десті жұрт.
Десе де жұлдызды жұптың бұл әрекетін қоштап, жылы лебіздерін білдіргендердің қарасы бұдан да көп болды. Олар отбасына бақыт пен береке тіледі.