Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Кішкене сорып алайын": Ержан Максим 6 жасына дейін емізікті тастамағанын айтып күлдірді

"Кішкене сорып алайын": Ержан Максим 6 жасына дейін емізікті тастамағанын айтып күлдірді

Жақын арада екінші рет жеке шығармашылық концертін берейін деп жатқан Ержан Максим 6 жасқа дейін емізігін тастамаған. Алғашқы концертін 7 жасында берген оған балалық әдетін тастау өте қиын болыпты. Ұят болса да, емізігін сұрап соратын көрінеді. Бұл жайлы Ержанның өзі айтып берді. "Мен 6 жасыма дейін емізік емгенмін. Әкем мен анам маған сынбайтын көлік алып берген болатын. Бұл балабақша кезінде. Сол кезде менің емізігім жоғалып қалса, тауып беріңдер деп айқайға басатынмын. Онсыз ұйықтамаймын. Түнде де сорып жатамын, түс кезінде де сол емізікті сорамын. Кейін балабақшаға кетіп бара жатып, анашым беріңізші, кішкене сорып алайыншы деймін де соңында, қимай беріп кететін едім", - дейді Ержан Максим.
26 маусым 2019 ж. 686 0