Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Димаш Құдайберген сияқты бол": Ержан Максим жұлдыз ауруына шалдықпайды

"Димаш Құдайберген сияқты бол": Ержан Максим жұлдыз ауруына шалдықпайды

Ержан Максимнің анасы ұлының жұлдыз ауруына шалдықпайтынын жеткізді,

"Голос. Дети" байқауының жеңімпазы Ержан Максимнің анасы баласына көп көңіл бөлінсе де, жұлдыз ауруына шалдықпайтынын айтады. Қарапайым отбасында тәрбиеленген жас әнші қашанда, қандай дәрежеге жетсе де халықтың баласы болып қала береді.
"Иә, ол өзіне көп көңіл бөлетінімізді біледі. Жұлдыз ауруы деген бар, бірақ Ержанның ондай ауыруға шалдығуы мүмкін емес. Өйткені, Ержан қатаң қадағалауда. Үнемі Димаш Құдайберген сияқты бол деп айтып отырамыз. "Ата-анаң қарапайым, сондықтан жұлдыз болма" деп түсіндіреміз. Ол өте мейірімді адам, сондықтан жұлдыз ауруына ұшырамайды", - дейді Ержанның анасы Гүлмира Әлібек.
Сонымен қатар, Ержанның анасы әншінің бос уақытының барлығын бауырларымен өткізетінін жасырмады. Киноға, сырғанақ тебуге, суға түсуге де жақындарымен барады әнші. Салауатты өмір салтын сақтанатын ол тіпті компьютерлік ойындарды да көп ойнамайтынын жеткізді.
"Ойнамағаныма көп болды. Counter-Strike ойнамаймын. Ұшақта кетіп бара жатқан кезде, ішім пысқанда телефондағы ойныдарды ойнайтыным бар", - дейді Ержан Максим.
http://stan.kz
03 маусым 2019 ж. 1 349 0