Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ержан Максимнің ата-анасы Мәскеуде жұмыс істеуге шақырту алды

Ержан Максимнің ата-анасы Мәскеуде жұмыс істеуге шақырту алды

Жас қазақстандық әнші, «Голос. Дети» шоуының финалисі Ержан Максимнің ата-анасын Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне жұмыс істеуге шақырды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды

Ресейлік композитор Игорь Крутойдың Ержан Максимді музыка академиясында оқуға шақырғанан кейін осындай ұсыныс түсті. Ержан бұл ұсынысты қабылдаса, Мәскеуде тұруына тура келеді. 
«Иә, әрине, оқуға шақырып жатқандар көп, барлығына рахмет. Отбасымызға Мәскеудегі елшілікте жұмыс істеуді ұсынды. Ержанға да ол жаққа жол ашық. Ол жеке Игорь Крутоймен кездесті, сол себепті Мәскеуге барамыз», - деді жас әншінің анасы Гүлмира Әлібек.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ержанның Мәскеуде оқуы - маңызды әрі игі қадам екенін айтты. 
«Ата-анасы балалары үшін қуана-қуана Мәскеуде тұрады, бірақ Қазақстан елшілігінде жұмыс істейді», - деді министр. 
Мұхамедиұлы Ержанның ата-анасы елшілікте қандай жұмыс істейтін әзірге белгісіз екенін, тек шақыру барын айтты. 
«Шақыру бар. Келісімшартты сосын қарайды. Кез келген жұмыс құрметті деп ойлаймын», – деді министр. 
Баспасөз мәслихатында Ержан Максимнің алғашқы жеке концерті 27 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан» концерт залында өтетіні мәлім болды. 
Мәдениет және спорт министі Ержан Максимнің концерті оркестрдің сүйемелдеуімен өтетінін мәлімдеді. Жас әншімен бірге шетелден шақырылған жұлдыздар және қазақстандық әншілер ән шырқайтын болады. Алайда әзірге олардың кім екені белгісіз.  
«Жанды дауыста эстрада-симфониялық оркестр сүймелдейді. Белгілі жұлдыздар Ержанмен дуэт не трио боп ән айтатын өтетін үлкен концерт болады», - деп айтты Мұхамедиұлы.
http://stan.kz


18 мамыр 2019 ж. 810 0