Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Көзіңізбен көрсеңіз": Гүлзира Айдарбекова арыстықтардың жағдайын көріп жылап қалды

"Көзіңізбен көрсеңіз": Гүлзира Айдарбекова арыстықтардың жағдайын көріп жылап қалды

Арыстағы қайғылы жағдайды естіген Гүлзира Айдарбекова бірден Шымкентке жол тартқан. Халықтың ортасында болып, мән-жайды көріп, қолдау көрсетпекші болған өнер иесі әрбір жамандықтың артында, жылт еткен жақсылық болатынын жазды."Әрбір қиындықтың артында қайыры бар деген, арты тыныштық болып, ұрпағымыз, аналарымыз жыламасын! Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов, Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Сакен Майғазиев, Ерғали Әбдірайымов, Бүркіт пен Аиша, Ғани мен Бота, Шаxизада, Қыдырәлі мен Қарақат, Азамат Сатыбалды сынды өнер иелерінің қолдауымен, аманатын арқалап келіп қалдық. Алла еселеп бақ берсін!" - деп жазды Гүлзира Айдарбекова. Арыстық ағайынның, әсіресе аналардың жылағанын көрген өнер иесі сол кісілерге қосыла көзіне жас алып, қайғыларына ортақтасқан. Гүлзира Айдарбекова Алладан сабырлық тілеп, көмек қолын созып жатқан жандарға да алғыс айтуды ұмытпады."Аналарымыздың көз жасы тек қуаныштан болсыншы! Біреулер пайдасын ойлап, ұрлықпен күнәға батуда, ал біреулер қайтсем көмектесе аламын деп, соңғы нанын бөліп беріп сауап жинауда. Мұның бәрін түсіну үшін көзіңізбен көрсеңіз. Алла сабыр берсін! Көмекке жан-жақтан келіп жатқан қаншама азаматтарымызды көріп, көңіліміз жай тауып қайттық. Ел-жұртымыз амандықта болғай!" - дейді Гүлзира Айдарбекова.
27 маусым 2019 ж. 1 359 0